Украинадағы атысты тоқтату туралы келісім осы демалыс күндері жасалуы мүмкін — Мерц
АСТАНА. KAZINFORM — Германияның жаңа канцлері Фридрих Мерц атысты тоқтату туралы келісім алдағы екі күн ішінде шешілуі мүмкін екенін мәлімдеді. Бұл туралы ол Брюссельде өткен баспасөз мәслихатында айтты, деп хабарлайды BBC агенттігі.

Оның айтуынша, Ресей жариялаған үш күндік атысты тоқтату шарасын ескере отырып, оның 30 күнге ұзартылу ықтималдығы жоғары, ал одан кейін бейбіт келісім туралы келіссөздер басталуы мүмкін.
Бұған дейін Украина 8-10 мамыр аралығындағы атысты тоқтатуға келіспей, ұрысты 30 күнге тоқтату қажеттігін талап еткен болатын. АҚШ-тың ұсынысы да 30 күндік атысты тоқтатуды қарастырады.
Мерц бұл талаптарды Ресей тарапы қабылдайды деген үмітін білдірді.
— Доп толықтай Мәскеу жағында, — деді канцлер.
Бұған дейін Зеленский Трамппен сөйлескенін айтты.