Украинадағы «Боинг 777» ұшақ апаты әскери қылмыс ретінде қаралуы мүмкін - БҰҰ

АСТАНА. ҚазАқпарат - Біріккен Ұлттар Ұйымы Украинадағы Malaysia Airlines компаниясының жолаушылар ұшағының апатын әскери қылмыс ретінде қарастыруды жоққа шығармайды.

Украинадағы «Боинг 777» ұшақ апаты әскери қылмыс ретінде қаралуы мүмкін - БҰҰ

Би-Би-Си телерадиокорпорациясының таратқан хабарына қарағанда, БҰҰ-ның Адам құқықтары жөніндегі жоғары комиссары Нави Пиллай «мұнда мәселе әскери қылмыс туралы болып қалуы кәдік» деген пайым жасаған.

Еске сала кетейік, Амстердам (Нидерланды) - Куала-Лумпур (Малайзия) бағытындағы Malaysia Airlines компаниясының «Боинг 777» ұшағы Украина аумағында шілденің 17-сінде апатқа ұшырап, оның бортындағы 298 адам қаза болған еді.