Украинадағы «Ислам мемлекетінің» өту пунктінен қазақстандық ұсталды
АСТАНА. ҚазАқпарат - Украина қауіпсіздік қызметі «Ислам мемлекеті» ұйымы мүшелерінің «өту пунктін» анықтады. Олар Украинадан Түркия арқылы Сирияға баруды жоспарлаған, деп мәлімдеді ведомство басшысының кеңесшісі Маркиян Лубкивский Facebook-та, деп хабарлады РИА Новости.
Кеңесші хабарлағандай, УҚҚ әріптес арнайы қызметтермен бірлесіп, Украина мен Түркия арқылы «Ислам мемлекеті» халықаралық террорлық ұйымы мүшелерінің өту арналары жұмысының жолын кесуге бағытталған шараларды жүзеге асырады.
«Үшінші маусымда УҚҚ көші-қон қызметімен бірлесіп «Ислам мемлекеті» мүшелеріне уақытша баспана ретінде пайдаланылған кезекті «өту пунктін» анықтады. Тексеру барысында 5 шетелдіктің (РФ 2 азаматы, Өзбекстан, Тәжікстан, Қазақстаннан бір-бір азаматтан) кім екені анықталды», - деп хабарлады Лубкивский. Ол сондай-ақ аталмыш шетелдіктердің кейбірі террорлық қызметке қатыстылығы болуына байланысты Түркиядан Украинаға жеткізілгенін айтты. Қалған шетелдіктер Украинаға таяуда Еуропадан келген. УҚҚ деректеріне сүйенсек, «Ислам мемлекетінің» мүшелері Түркия арқылы Сирияға өту үшін жасанды төлқұжатты күтіп отырған. Қабылданған шаралар нәтижесінде үш шетелдікке Украинаға болу мерзімі қысқартылып, қалған екеуіне қатысты еліне мәжбүрлі қайтару шешімі қабылданды. «Әл-каидамен» байланысы бар «Ислам мемлекеті» террорлық тобы ислам мемлекеті үкімет күштеріне қарсы соғысқанда, басым күшке ие болған. Ирак пен Сирияның едәуір бөлігін басып алған ислам мемлекетінің кеңінен жайылуы соңғы уақыттарда әлемдік проблемалардың біріне айналды. УҚҚ деректеріне сүйенсек, 30 мыңға жуық содырдан тұратын топ өздері басып алған аумақтарға «халифат» құрып, ықпал ету аймағын кеңейтуге тырысуда. ИМ ұялары Ливияда, Йеменде, Баяу Шығыс пен Солтүстік Африка елдерінде құрылған.