Украинадағы Қазақстан азаматтары Варшаваға барып дауыс береді

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Украинадағы Қазақстан азаматтары Польша еліндегі учаскеде дауыс бере алады. Бұл туралы ҚР Сыртқы істер министрлігінің ерекше тапсырмалар жөніндегі Елшісі Жалғас Әділбаев айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
None
None

«Украинадағы қазіргі ахуалдың қандай екенін өздеріңіз де жақсы білесіздер. Сондықтан азаматтарымызды дер уақытында Қазақстанға жеткізіп алдық. Егер ол жақта қалған азаматтарымыз не туристеріміз болса, онда олар Варшаваға барып дауыс бере алады. Осындай мүмкіндік бар. Олар ертерек барып, дауыс беруіне болады», - деді ол Орталық сайлау комиссиясының отырысынан кейін баспасөз мәслихатында.

Оның атап өтуінше, Украинадағы Елшілік бұл жайында сол елде жүрген азаматтарды алдын ала ескертті және осы бағытта жұмыс жүргізіп те жатыр. Жалпы, Украина аумағында дауыс беру учаскесі ашылған жоқ.

«Елшілік қызметкерлеріміз бар. Олар да Варшаваға барып дауыс береді», - деді Жалғас Әділбаев.

Естеріңізге сала кетейік, ҚР Сыртқы істер министрлігі 52 шет мемлекетте 65 учаскелік референдум комиссиясын құрды. Аталған комиссиялардың барлық 325 мүшесі қашықтан оқытылды. Алдын ала деректерге сәйкес, шамамен 11 350 Қазақстан азаматы шет елде дауыс береді.


Соңғы жаңалықтар