Украинадағы парламенттік сайлау өтті деп танылды

КИЕВ. ҚазАқпарат – Украина парламентіне кезектен тыс сайлау өтті деп танылды. Оған күмән тудыратын бірде-бір оқиға болған жоқ, деп хабарлады бүгін, 22 шілдеде «Укринформ» Орталық сайлау комиссиясының төрағасы Татьяна Слипачукқа сілтеме жасап.

Украинадағы парламенттік сайлау өтті деп танылды


«Парламенттік науқанның өтуіне күмән тудыратын оқиғалар болған жоқ, сайлау өтті деп саналады», - деді ОСК төрағасы.

Оның айтуынша, қазір ОСК дауыстарды санау процесіне кіріспек. Одан әрі округтік сайлау комиссияларынан хаттамалар қабылданады.

Еске сала кетейік, Украинада кезектен тыс парламент сайлауына дауыс беру 21 шілде күні өткен болатын.