Украинадағы сайлау: Владимир Зеленский алда келеді

КИЕВ-НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Украинаның Орталық сайлау комиссиясы президенттік сайлаудың екінші турындағы электронды хаттамалардың 52,03 пайызын санады, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА Украининформға сілтеме жасап.
None
None

Мәліметтерге сәйкес, Владимир Зеленский көш бастап тұр, оған тұрғындардың 73,04% дауыс берген. Ал Петр Порошенконы сайлаушылардың 24,61% жақтаған.

Жарамсыз болып қалған бюллеттендер 2,33%.

Еске салсақ, Украинаның кезекті президенттік сайлауында Зеленский мен Порошенко екінші турға өткендігі туралы жазған болатынбыз.

Соңғы жаңалықтар