Украинадағы сайлауда халықаралық байқаушылардың ролі жоғары болды - ТМД Парламентаралық ассамблеясы кеңесінің бас хатшысы

САНКТ-ПЕТЕРБОР. Қаңтардың 21-і. ҚазАқпарат /Елена Мягкова/ -Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығының Парламентаралық ассамблеясы кеңесі Украинадағы президенттік сайлауды «әділ және тыныш өтті» деп таныды.

Украинадағы сайлауда    халықаралық байқаушылардың  ролі      жоғары болды -  ТМД Парламентаралық  ассамблеясы кеңесінің бас хатшысы

Бұл туралы сәрсенбі күні баспасөз мәслихатында ТМД Парламентаралық ассамблеясы кеңесінің бас хатшысы Михаил Кротов мәлім етті.

М.Кротовтың айтуынша, сайлаудың бірінші кезеңінің барысында 3 мыңдай халықаралық байқаушы тіркелді, оның үштен бірі мемлекетаралық ұйымдардың өкілдері болды. «Біз 2009 жылдың желтоқсан айының 10-ынан бастап Киев, Львов, Донецк, Одесса және Симферополь қалаларында штабтар аштық»,- деп мәлім еткен Парламентаралық ассамблея кеңесінің бас хатшысы, президенттік сайлаудың қорытындысы шығарылғанша бірде-бір штабтың жабылмайтынын айтты.

Сайлаудың бірінші турының барысында ТМД Парламентаралық ассамблеясының байқаушылары Украинаның 17 аймағында дауыс берудің барысын қадағалады.

«Бұл сайлауда халықаралық байқаушылардың ролі өте жоғары болды. Екінші кезеңде олардың ролі бұдан да жоғары болатыны анық», деп түйіндеді өз сөзін ТМД Парламентаралық ассамблеясы кеңесінің бас хатшысы Михаил Кротов.