Украинадан Қазақстанға Атырау облысының тумасы А. Мұхитов экстрадицияланды - ҚР Бас прокуратурасы
АСТАНА. 25 қаңтар. ҚазАқпарат - Бүгін, Бас прокуратураның сұраныс хаты бойынша Украинадан Қазақстанға Атырау облысында 1983 жылы туған Ардагер Мұхитов экстрадицияланды.
Бұл туралы ҚР Бас прокуратурасының баспасөз қызметі хабарлайды.
Бұрын А. Мұхитов Қазақстан аумағында қоғамдық қауіпсіздікке қарсы қылмыс жасады деген күдікпен халықаралық іздеу жарияланған болатын.
Атап айтқанда, тергеу органдары А. Мұхитовқа лаңкестік топтың қызметіне қатысқаны үшін Қазақстан Республикасы Қылмыстық Кодексінің 233-2-бабымен айып таққан.
А. Мұхитовқа қатысты қылмыстық істің тергелуі жалғасуда.