06:00, 03 Тамыз 2017 | GMT +5
Украиналық 62 жылға жүргізуші құқығынан айырылды
АСТАНА. ҚазАқпарат - Украиналық азамат 62 жылға жүргізуші құқығынан айырылды. Оны полиция 16 рет ішімдік ішіп алып, көлік жүргізіп жүрген жерінен ұстаған, деп хабарлайды korrespondent.net, Украинаның Закарпат облысына қарасты Мукачева қаласының өңірлік ұлттық полициясына сілтеме жасап.

Құқық қорғау органы өкілдерінің мәліметтерінше, 2016 жылдың тамызынан бері олар ер азаматқа қатысты 35 әкімшілк хаттама толтырған. Олардың 16-сы көлікті мас күйінде жүргізумен байланысты болып оытр. Оған сондай-ақ осыған дейін 300 мың гривень айыппұл салынған.
Сондай-ақ аталмыш азамат бірнеше рет қылмыстық құқықбұзушылыққа жол берген. Олардың арасында есірткі сақтау, қоршаған ортаны ластау, ұрлық сияқты әрекеттер бар. Соған қарамастан азамат бірде-бір сот отырысына келмеген және істі қарауды кейінге қалдыру туралы өтініш те бермеген.
«Осы уақытта аталған азамат еш жерде жұмыс істемейді және айыппұл да төлемейді. Сот оның көлігін де тәркілей алмайды. Өйткені ол өзге біреудің атында»,-деп мұңын шағады полиция өкілдері.