Украиналық АН-225 ұшағы Гиннестің Рекордтар кітабына енді
АСТАНА. Тамыздың 14-і. ҚазАқпарат - Украинаның «Мрия» атты АН-225 ұшағы авиация тарихындағы ең ауыр моножүкті тасымалдағаны үшін Гиннестің Рекордтар кітабының сертификатын алды.
Бұл туралы Антонов атындағы Авиациялық ғылыми-техникалық кешеннің баспасөз қызметінен хабарлады.
«Мрия» ұшағы Франкфурттан Ереванға жаңа электр стансасы үшін жалпы салмағы 187,6 тонна генераторды арнайы жақтауымен бірге жеткізді.
1984-1988 жылдары жобаланып, жасалған «Мрия» ұшағы жүк тасымалдау бойынша абсолюттік әлем рекордсмені атанып отыр.