16:49, 29 Сәуір 2011 | GMT +5
Украиналық азамат әлемдегі ең күшті шахмат бағдарламасын жеңді
АСТАНА. 29 сәуір. ҚазАқпарат - Белгілі украиндық ғалым, профессор-нейрохирург Андрей Слюсарчук әлемдегі ең күшті "Rybka-4" шахмат бағдарламасын сенсациялық түрде жеңді, деп хабарлады Укринформ.

Осы уақытқа дейін ешбір гроссмейстер тең дәрежеде осы бағдарламаны жеңе алмады.
Шахматпен бірнеше ай бұрын ғана әуестене бастаған Слюсарчук бірінші партияны жеңіп, екіншісінде тең түсті.
«Доктор Пи» деген лақап аты бар украиналық феномен өзінің мәліметтерді, мәтіндерді, кезектілікті және өзге де ақпараттарды есте сақтау қабілетімен белгілі. Ол 30 миллионнан астам Пи белгілерін есте сақтай алуымен барынша танымал болған.
Қазіргі күні Винницадағы орта мектептің 9 жасында аяқтап, 12 жасында студент атанған Слюсарчук, «Львов политехникасы» Ұлттық университетінің «Ақпараттық жүйелер мен желілер» кафедрасының профессоры болып табылады.