Украиналық азаматша 66 жасында тұңғыш баласына босанды
АСТАНА. 23 ақпан. ҚазАқпарат - Чернигов қаласында (Украинаның солтүстігі) әйел азамат өзінің тұңғыш баласын 66 жасында туды,
деп хабарлайды УКРИНФОРМ.
Қалалық перзентхананың бас дәрігері Василий Гусак хабарлағандай, сәбидің денсаулығы жақсы және өз уақытында дүниеге келді. Қыздың салмағы 3 келі 300 грамнан асады, бойы 54 сантиметр.
В.Гусактың ойынша, черниговтық босанған әйел Украинада осы жасқа келіп босанған әйелдердің тұңғышы. «Осы жасқа жетіп алғашқы баласын босану Украинадағы, одан қалды жалпы Ресейдегі алғашқы оқиға», - деді ол.
Қазіргі уақытта ана мен жаңа туған нәрестенің жағдайы қалыпты, дегенмен анасының жасына байланысты олар біраз уақыт дәрігерлердің бақылауында болады.
Баласын босанған ең егде әйел - румындық Адриана Илеску, ол ана болу бақытына 66 жасында қол жеткізген. Қазір 72 жастағы университеттің әдебиет пәнінің ұстазы сәбиді жасанды ұрықтандыру арқылы босанған.