Украинаның батысында 180 елдімекен су астында қалды

КИЕВ. УКРИНФОРМ-ҚазАқпарат – Украинада Ивано-Франковская облысында 8 елдімекенді су басты, 3 871 үй, 6 400 үй жанындағы жер телімі су астында қалды, 202,3 шақырым автожол бүлінді (278 болатын), деп хабарлайды ҚазАқпарат Укринформ агенттігіне сілтеме жасап.

Украинаның батысында 180 елдімекен су астында қалды

«27 маусым күні Ивано-Франковская облысында 8 елдімекен жарықсыз қалды. Электр сымдарын қалпына келтіруге облыстық энерго бригадасы тартылған. Батыстағы облыстарда (Ивано-Франковская, Черновицкая, Львовская және Тернопольская) жауыннан болған тасқын зардаптарын жою жұмыстары жалғасып жатыр», деп хабарлады Украинаның Төтенше жағдай мемлекеттік қызметінің баспасөз қызметі.

Жалпы облыс аумағында тасқыннан 3 адам көз жұмды (Ивано-Франковская облысында).

180 елдімекен мен 202 шақырым автожол су астында қалды.

ТЖМҚ күштері тәулік ішінде 46 адамды құтқарып (жұмыс басталғалы – 478 адам), 3 адамды эвакуациялады (жұмыс басталғалы 718 адам); су басқан жерлерден 183 адамды алып өтті (жұмыс басталғалы – 2 565 адам), 39 622 текше м су сорып алынды (жұмыс басталғалы – 102 691 текше м); елдімекендерге 1 790 кг азық-түлік (жұмыс басталғалы – 7858 кг) және 9140 л ауыз су (жұмыс басталғалы – 15365 л) жеткізілді.

Оқиға зардаптарын жою үшін 1 877 адам және 455 техника жұмылдырылған. Оның ішінде ТЖМҚ-нің 613 адамы мен 226 техникасы (2-еуі тікұшақ) бар.

Айта кетсек, 22-24 маусым аралығында тоқтаусыз жауған жауын-шашын Ивано-Франковская, Черновицкая, Львовская және Тернопольсая облыстарында су тасқынының туындауына себеп болды.