09:35, 25 Ақпан 2009 | GMT +5
Украинаның бірінші президенті Ющенконы отставкаға кетуге шақырды
КИЕВ. Ақпанның 25-і. ҚазАқпарат - Украинаның бірінші президенті Леонид Кравчук Виктор Ющенконы өз еркімен отставкаға кетуге және мерзімінен бұрын президенттік сайлау өткізуге шақырды,
деп хабарлайды ҚазАқпарат Utro.ru сайтына сілтеме жасап.«Кешеге дейін мен президенттік сайлау заңмен белгіленген мерзімде өтуі керек деп санап келдім. Бірақ бүгінгі ойым басқаша. Сіздің қазіргі негізгі назарыңыз Украинаның проблемасы болып отырған жоқ, сіз билік басында қалуды ойлап отырсыз. Және ол үшін әлемдік қаржы-экономикалық дағдарысын да пайдалануға дайынсыз», - деп мәлім етті Кравчук.«Мен тығырықтан шығудың бір ғана жолын көріп отырмын - ол мерзімінен бұрын президенттік сайлау өткізу. Адамдардың басым бөлігі бүгін осыны талап етуде», - деп мәлім етті мемлекеттің бірінші президенті.