Украинаның бұрынғы бас мемлекеттік санитарлық дәрігеріне іздеу жарияланды

КИЕВ. Мамырдың 27-сі. ҚазАқпарат - Украинаның бұрынғы бас мемлекеттік санитарлық дәрігері Николай Проданчукке іздеу жарияланды,
None
None
деп хабарлайды ҚазАқпарат РБК агенттігіне сілтеме жасап.Украинаның Бас прокуратурасының ақпараты бойынша, «айыпталушының қазіргі жүрген жері белгісіз болғандықтан, мамырдың 20-сында оған іздеу жарияланды. Киевтің Печерский аудандық сотының мамырдың 21-індегі қаулысымен Николай Проданчукті қамауға алып, оны жазалау мәселесін шешу үшін сотқа жеткізуге рұқсат беріліп отыр». Бас прокуратура, өз қызмет өкілеттігін асыра пайдаланып, қызылша және қызамық ауруларының алдын алуға арналған үнділік өндірістің вакцинасын тіркеусіз елге әкелуге рұқсат бергені үшін Проданчукты айыптау жөніндегі қылмыстық істі тексеріп жатыр. Аталмыш үнділік вакцинаны егудің салдарынан 2008 жылы 16 жасар оқушы Антон Тищенко қайтыс болған еді.
Соңғы жаңалықтар