Украинаның бұрынғы президенттері Жоғарғы Раданың кезектен тыс отырысына қатысады

АСТАНА. ҚазАқпарат - Украинаның бұрынғы мемлекет басшылары Леонид Кравчук, Леонид Кучма мен Виктор Ющенко бүгін Жоғарғы Раданың кезектен тыс отырысына қатысатын болады. Бұл туралы елдің экс-көшбасшылары Киевте Кравчуктің бастамасымен өткен дөңгелек үстел барысында хабарлады.

Украинаның бұрынғы президенттері Жоғарғы Раданың кезектен тыс отырысына қатысады

Жоғарғы Радада ел парламенті депутаттарының, сондай-ақ жергілікті кеңестердің сайлауын мерзімінен бұрын өткізу туралы қаулының жобасы тіркелді, деп хабарлайды Росбалт.