Украинаның Қауіпсіздік қызметінің генералы өзіне қол жұмсады
АСТАНА. Шілденің 20-сы. ҚазАқпарат - Украина Қауіпсіздік қызметінің орталық аппаратының жоғары лауазымды жетекшісі генерал-майор Ярослав Савчин өзіне қол жұмсады.
Ұлттық мемлекеттілікті қорғау және лаңкестікпен күрес жөніндегі департамент бастығының 52 жастағы орынбасары өлімінің ресми себебін арнайы қызметтер жария етпей отыр, бірақ Ярослав Константиновичтің жауапты және тәртіпті қызметкер болғанын айтуда. Ол семитизмге және ксенофобияға қарсы күресумен айналысқан, деп хабарлайды ҚазАқпарат Utro.ru сайтына сілтеме жасап.
Савчиннің әріптестері «генералдар тамырын жайдан-жай қимайды» деп отыр. Генералдың өзіне қол жұмсауына «жеке басының проблемалары мен жүйкесінің жұқаруы» себеп болған деген долбарлар айтылуда.