Украинаның қорғаныс министрлігі әскери ұшақтың апатқа ұшырағанын мойындады

АСТАНА. ҚазАқпарат - Луганск ауданында сенбіге қараған түні Ил-76 әскери-көліктік ұшағы апатқа ұшырады, деп хабарлады Украинаның қорғаныс министрлігі.

Украинаның қорғаныс министрлігі әскери ұшақтың апатқа ұшырағанын мойындады

Украина әскерилерінің мәліметтері бойынша, ұшақ жерге қонбақ болған сәтте оған зенитті қондырғы мен ірі калибрлі пулеметтен оқ жаудырған. Қорғаныс министрлігі ұшақ бортында әскери қызметкерлер, техника, керек-жарақтар мен азық-түлік болғанын мәлім етті. Қаза тапқандардың нақты саны әзірге анықталған жоқ, сонымен бірге тірі қалғандар жайлы да ешқандай дерек берілмей отыр, деп хабарлады Би-би-си.

Украина БАҚ-тарының хабарлауынша, Луганск қаласы қазіргі уақытта сепаратистер жасағының бақылауында, алайда әуежайды украиндық күш құрылымдары ұстап тұр.

Луганскіде нақты қандай ИЛ-76-ның атып түсірілгендігі жайлы ақпарат жоқ.