Украинаның тағы бір шахтасында қайғылы оқиға орын алды: бір кенші қаза болды

АСТАНА. 29 шілде. ҚазАқпарат - Донецк облысы Макеевкадағы Бажанов атындағы шахтаның жер бетінде сағат 9:40 шамасында копрдың (адамдарды көтеріп-түсіретін қондырғы) қирауы салдарынан 1 шахтер қаза болып, 8-і түрлі жарақат алды.

Украинаның тағы бір шахтасында қайғылы оқиға орын алды: бір кенші қаза болды

Бұл жөнінде Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметі хабарлайды, деп жазады СЕГОДНЯ.ua.

Шахтада болған 600 кенші жоғарғы қабатқа қосымша шығу жолдары арқылы көтерілуде.

Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін, 29 шілдеде сағат 2:00 шамасында «Суходольская-Восточная» шахтасының жер асты жолының 915 метрінде жарылыс болып, нәтижесінде 16 кенші қаза болды, үш кенші түрлі деңгейдегі жарақаттарымен ауруханаға жатқызылды. Тағы 9 кеншінің тағдыры әзірге белгісіз.