09:00, 14 Қаңтар 2009 | GMT +5
Украинаның транзитті шектеп отырғанына халықаралық байқаушылардың көздері жетті
МӘСКЕУ. Қаңтардың 14-і. ҚазАқпарат - Ресей газының Украина аумағы арқылы транзитін мониторингілеу жөніндегі халықаралық комиссияның байқаушылары Украинаның транзитті шектеп келгенін қуаттап отыр,
деп хабарлайды «Газпром» компаниясының ақпарат басқармасы. «Байқаушылар Киевте газды өлшеу стансалары бойынша сағат сайынғы есепке қол қойды, ол құжатта Ресей газының Украинаның транзиттік газ құбырлары арқылы Еуропаға айдалмай отырғаны, ал Ресейдің Курск облысындағы «Суджа» газ өлшеу стансасында, Украина транзиттік құбыр желісіне кіреберісте газ қысымы 70 атмосфераға жетіп отырғаны көрсетілген», деп мәлімденеді «Газпромның» хабарламасында.