Украинаның Ұлттық кітапханасында жарылыс болды, қаза болғандар бар

АСТАНА. Қыркүйектің 30-ы. ҚазАқпарат - Украинаның Вернадский атындағы Ұлттық кітапхана ғимратында кеше кешке жарылыс болды. Украина Төтенше жағдайлар министрлігінің Киев бойынша басқармасынан хабарлағандай, жарылыс мәскеу уақыты бойынша сағат 19.00-дарда болған.
None
None

Келіп түскен ақпараттар бойынша, жарылыстың салдарынан 2 адам қаза болған, тағы бір адам жарақатпен ауруханаға түскен.

Бастапқыда құтқарушылар төтенше оқиғаға газдың жарылуы себеп болуы мүмкін деп пайымдаған еді. Бірақ кейіннен, жарылыстың болмағаны туралы мәлімдеме жасалды.

Оқиғаның мән-жайын хабарлаған Украина Ішкі істер министрлігінің Киев қаласы бойынша бас басқармасының ақпараты бойынша, оқиға 27 қабатты ғимараттың 20-шы қабатында орын алған. Тергеу барысында анықталғандай, ғимаратта жарық сөніп қалған. Электриктер жарықты қосамыз деп жүріп, өрт сөндіру жүйесінің арнасын кесіп тастайды. Нәтижесінде орын алған фреон қысымы ауаны ығыстырған, соның салдарынан адамдар тұншыға бастаған.

Қазір тергеу амалы жүргізілуде, қылмыстық іс қозғау туралы мәселе қаралып жатыр.

Соңғы жаңалықтар