Украинаның жалпы ішкі өнімі 2009 жылы 15 пайызға қысқарады
ВАШИНГТОН. Тамыздың 19-ы. ҚазАқпарат /Әлия Алтынғазина/ - Украина ең ауыр рецессия үдерісін бастан кешіріп отырған әлем елдерінің қатарына жатқызылуда.
Дүниежүзілік банктің сарапшылары 2009 жылы елдің жалпы ішкі өнімі 15 пайызға қысқаратынын болжап отыр.
Үкімет мәліметтеріне сәйкес, ағымдағы жылдың І тоқсанында құлдырау көрсеткіші 20,3 пайызды құраған. Бұл үрдіс екінші тоқсанда баяулаған және көрсеткіш 18 пайызға жеткен.
Өнеркәсіптік өндірістің өскені туралы соңғы мәліметтердің негізінде экономист мамандар елдің рецессиядан шыға бастайтыны туралы қорытынды жасап отыр. Дүниежүзілік банк келесі жылы ел экономикасының 1 пайызға өсуін күтуде.