Украинаның жаңа президентін ұлықтау рәсімі 7 маусымда өтеді

АСТАНА. ҚазАқпарат - Украинаның жаңадан сайланған президенті Петр Порошенконы ұлықтау рәсімі сенбі күні, 7 маусымда өтеді, деп хабарлады utro.ru Порошенко штабындағы дерекөздерге сілтеме жасап.

Украинаның жаңа президентін ұлықтау рәсімі 7 маусымда өтеді

Барлық 100 пайыз бюллетенді өңдеу нәтижесі бойынша миллиардер Порошенко 54, 7 пайыз дауыс жинап, Украина президенті сайлауында жеңіп шықты. 12,81% дауыс жинаған экс-премьер Юлия Тимошенко Порошенкодан едәуір артта қалып, екінші орынға орнықты. Үшінші орынға 8,32 пайыз дауыспен Украинаның «Радикалды партиясының» көшбасшысы Олег Ляшко тұрақтады.