Украиндық зейнеткер 20 жылдан бері көз ілмейді

АСТАНА. 12 тамыз. ҚазАқпарат - Украинада зейнеткер Федор Нестерчук 20 жылдан астам уақыттан бері ұйықтамайды, бірақ та ол белсенді өмір салтын тоқтатқан емес, деп хабарлайды Утро.ру.

Украиндық зейнеткер 20 жылдан бері көз ілмейді

Украиндық және шетелдік ғалымдар әзірге мұндай тосын жағдайдың себебін аша алмай бас қатыруда.

Соңғы рет ол 1986 жылы ұйықтаған.  Шаруашылықпен айналысу және іссапарлар оның бүкіл демалыс уақытын алды, ол ұйықтамастан жүруге әдеттеніп кетті.

Украиндық ғалымдар жерлесіне көмектесуге тырысты, бірақ та жаңа әдістеме де, гипноз да тиісті нәтиже бермеді. Жапондық дәрігерлер зейнеткердің үйінде үш күн болып, эксперимент жасады: оның барлық әрекетін аппаратурамен бақылады. Өлшеу құралдары оның шамалы ғана уақыт ұйықтайтынын көрсетті, бірақ та ол жай көзге көрінбейді.