ҰҚШҰ бас хатшысы халықаралық ұйым басшыларына Қазақстандағы бітімгерлік операция туралы шешімді қалай жеткізгенін айтты

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – ҰҚШҰ бас хатшысы Станислав Зась халықаралық ұйым басшыларына Қазақстанға бітімгерлік контингентті кіргізу туралы шешімді қалай жеткізгенін айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

ҰҚШҰ бас хатшысы халықаралық ұйым басшыларына Қазақстандағы бітімгерлік операция туралы шешімді қалай жеткізгенін айтты

«Қазақстан Республикасының аумағында бітімгерлік операция өткізу туралы қабылданған шешім жөнінде БҰҰ-ның бас хатшысы арқылы БҰҰ қауіпсіздік кеңесінің мүшелері хабардар етілді. Сондай-ақ, мен ЕҚЫҰ және ШЫҰ бас хатшыларын құлағдар еттім.

БАҚ өкілдері бір мезгілде мәселені шешу үшін қабылдаған жолдар және орындалу механизмін түсіндіру жұмыстарын жүргізді», - деді ұйымның бас хатшысы.

Кезектен тыс отырыс кезінде Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев ҰҚШҰ елдерінің басшыларына дер кезінде көрсеткен қолдауы үшін алғыс айтты.

«Александр Григорьевич Лукашенкоға, Садыр Нұрғожа Жапаровқа, Эмомали Шарипович Рахмоновқа саяси, тіпті жауынгерлік бауырластық үшін рахмет айтамын.

Бүгін бізде Қазақстандағы трагедия күндері қайтыс болғандарды еске алуға арналған жалпыұлттық аза тұту күні. Сіздерге осы оқиға бойынша қайғымызды бөліскендеріңіз үшін шын жүректен ризамын.

ҰҚШҰ бас хатшысы Станислав Васильевич Заське, хатшылықтың барша жұмылған ұжымына, ұйымымыздың бірлескен штабына ерекше алғыс айтамын», - деді Мемлекет басшысы.

Еске салсақ, Маңғыстау облысындағы бейбіт шерудің жалғасы бірқатар өңірде жаппай тәртіпсіздікке ұласып, ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Ұжымдық қауіпсіздік шарт ұйымына мүше елдердің басшыларынан террорлық сын-қатерді еңсеруд үшін көмек сұраған болатын.

10 қаңтар күні ҚР Қорғаныс министрлігі мен ҰҚШҰ Ұжымдық бітімгершілік күштер қолбасшылығы мәлімдеме жасады.

Бүгін ҚР Мемлеакеттік хатшысы Ерлан Қарин Маңғыстау облысында ҰҚШҰ әскері орналасқан деген ақпаратты жоққа шығарды.

Оның айтуынша, ҰҚШҰ әскері дағдарыс аяқталғаннан кейін елдеріне қайтады.