ҰҚШҰ Бас хатшысы «Өзара іс-қимыл-2016» оқу-жаттығуына қатысады

АСТАНА. ҚазАқпарат - Ұжымдық қауіпсіздік шарттар ұйымының бас хатшысы Николай Бордюжа мен ҰҚШҰ Біріккен штабының бастығы Анатолий Сидоров Псковқа ҰҚШҰ жедел ден қою ұжымдық күштерінің «Өзара іс-қимыл-2016» командалық-штабтық жаттығуына қатысу үшін келді, деп хабарлады ТАСС ҰҚШҰ хабарламасына сілтеме жасап.

ҰҚШҰ Бас хатшысы «Өзара іс-қимыл-2016» оқу-жаттығуына қатысады

 «Жаттығудың қорытынды кезеңі 18 тамызда "Струги Красные" ӘДӘ орталық полигонында өтеді. Қолбасшылық ұжымдық қауіпсіздік өңіріндегі шекаралық қарулы қақтығысты оқшаулау бойынша бірлескен операцияны жоспарлау мәселелерін пысықтайды», - делінген хабарламада.

Сәрсенбіде ҰҚШҰ ЖДҰК қолбасшылығының ниеті бойынша Ивановодан ресейлік десанттар және Беларусь пен Қазақстаннан олардың одақтастары Ми-8 АМТШ тікұшағынан қону тәсілімен түсіп, шартты қарсыласына шабуылдап, тойтарыс берді. ҰҚШҰ Жедел ден қою ұжымдық күштердің жаттығуы 16-19 тамыз аралығында өтеді. Бұдан бұрын маневрге алты мыңға жуық әскерилер қатысатыны хабарланған, бұл өткен жылғыдан үш есеге көп. Жаттығуға 50-ден астам ұшақ, тікұшақтар тартылды.