ҰҚШҰ елдері қауіпсіздік кеңесінің хатшылары Ереванда лаңкестікпен күрес тақырыбын талқылайды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымының (ҰҚШҰ) терроризммен күрес жолындағы міндеттері бүгін Ереванда ҰҚШҰ-ға қатысушы елдер қауіпсіздік кеңесінің хатшылары комитетінің отырысында қаралады.

«Отырыста халықаралық терроризммен және экстремизммен күрес саласындағы ҰҚШҰ-ға мүше мемлекеттердің ұжымдық қауіпсіздік жүйесін дамыту бойынша және ҰҚШҰ кеңістігіндегі өңірлік қауіпсіздікті қамту бойынша шараларды талқылау жоспарланған», - делінген «ТАСС» агенттігіне берген Арменияның Қауіпсіздік кеңесі аппаратынан бірілген хабарламада.

Аталған тақырып бойынша ұйымның бас хатшысы Николай Бордюжа баяндама жасайды. Отырыста ҰҚШҰ-ға қатысушы мемлекеттерде лаңкестік және экстремистік деп танылған ұйымдар тізімі қабылданады.

Сонымен қатар, отырысқа қатысушылар 2025 жылға дейінгі кезеңде ұжымдық қауіпсіздік стратегиясын келісу барысын талқылайды.

Олар жуырда Ереванда отырысы өткен ҰҚШҰ бас наркологтарының үйлестіру кеңесі қызметінің қорытындысын шығарады.

Ағымдағы жылдың екінші жартысына арналған сыртқы саясат, қауіпсіздік және қорғаныс мәселелері бойынша ҰҚШҰ мемлекеттері өкілдері кеңестерінің жоспары қаралады.

2016 жылы ҰҚШҰ-ға төрағалық ету Арменияның еншісінде.

Соңғы жаңалықтар
telegram