ҰҚШҰ қауіпсіздік кеңесінің хатшылары 20 мамырда Тәжікстанда өтетін отырыста Ауғанстандағы жағдайды талқылайды
АСТАНА. ҚазАқпарат - Ұжымдық қауіпсіздік шарты ұйымының Қауіпсіздік кеңесі хатшыларының комитеті 20 мамырда Худжанд (Тәжікстан) қаласында өтетін жиында халықаралық қауіпсіздік мәселелері мен Ауғанстандағы жағдайды талқылайды. Бұл туралы БЕЛТА ҰҚШҰ баспасөз хатшысы Владимир Зайнетдиновқа сілтеме жасап хабарлады.
Отырысқа Тәжікстан Республикасының Қауіпсіздік кеңесінің хатшысы Абдурахим Кахаровтың төрағалығымен өтеді. Оған ҰҚШҰ бас хатшысы Николай Бордюжа қатысады.
"Кездесуде халықаралық қауіпсіздіктің өзекті мәселелері, Ұжымдық қауіпсіздік аймағындағы қатерлердің алдын-алу бойынша ҰҚШҰ мүше мемлекеттерінің шаралары, Ауғанстандағы жағдай мен оның ҰҚШҰ аймағындағы жағдайға ықпалы қарастырады", - деді Владимир Зайнетдинов.
Сонымен қатар комитет төтенше жағдайларға ұжымдық әсер ету жүйесі мәселелерін, ҰҚШҰ мүше елдері азаматтарының халықаралық лаңкестер ұйымдарының жағында қарулы қақтығысқа қатысуына шығуға кедергі жасау бойынша шараларды талқылайды. Қауіпсіздік кеңесінің хатшылары ҰҚШҰ елдері өкілдерінің 2015 жылдың екінші жарты жылдығы мен 2016 жылдың алғашқы жарты жылдығына арналған сыртқы саясат, қауіпсіздік және қорғаныс мәселелері бойынша кеңес беру жоспарын құптайды деп күтіліп отыр.