ҰҚШҰ күрделі реформалауға ұшырамайды - Н. Бордюжа

ТАНА. 9 қыркүйек. ҚазАқпарат - Ұжымдық қауіпсіздік шарты ұйымы күрделі реформалауға ұшырамайды. Бұл жөнінде жұма күні Мәскеуде журналистерге берген сұхбатында ҰҚШҰ бас хатшысы Николай Бордюжа мәлімдеді,

ҰҚШҰ күрделі реформалауға ұшырамайды - Н. Бордюжа

деп хабарлайды ПРАЙМ.

«ҰҚШҰ күрделі реформалауға ұшырайды деп ешкім айтқан жоқ. Бар болғаны ҰҚШҰ жарғысына жеңіл-желпі өзгерістер енгізіледі», - деді ол.

Бас хатшының айтуынша, 2003 жылдан бері ұйымның барлық жұмыстары оң нәтиже беріп келді, тек кейінгі кездері ғана мүше-мемлекеттер құжатқа сәл өзгерістер енгізу қажет екенін түсінген.

Еске сала кетсек, ҰҚШҰ құрамына Армения, Беларусь, Қазақстан, Қырғызстан, Ресей, Тәжікстан және Өзбекстан кіреді.