ҰҚШҰ күш-қуат құрылымдары қызметкерлері өлтірілген Тәжікстандағы жағдайды бақылауда
АСТАНА. ҚазАқпарат - ҰҚШҰ Тәжікстандағы жағдайды бақылауда, мұнда жұма күні екі қарулы шабуылдың нәтижесінде 30-дан астан күш-қуат құрылымдарының қызметкерлері қаза тапқан болатын, деп хабарлады РИА Новости агенттігіне ұйымның баспасөз хатшысы Владимир Зайнетдинов.
Бұдан бұрын Тәжікстан СІМ Душанбеде және Вахдат қаласында екі қарулы шабуыл болғанын хабарлаған болатын. Қорғаныс министрлігіндегі дереккөз РИА Новости агенттігіне, соңғы мәліметтер бойынша Тәжікстан ІІМ мен Қорғаныс министрлігінің 33 қызметкері, сондай-ақ жұма күні президент «қылмыс жасағаны үшін» қызметінен босатқан қорғаныс министрінің бұрынғы орынбасары Абдухалим Назарзоданың тобынан 9 әскери қызметкер қазаға ұшырағанын хабарлаған болатын. ІІМ хабарлауынша, шабуылды Назарзода басқарған.
«ҰҚШҰ Душанбедегі жағдайды бақылауда, бұл Тәжікстанның ішкі ісі. Сірә, бұл кәдімгі бандиттік жанжалдар болса керек, өкінішке орай, мұндай оқиғалар басқа да елдерде болып тұрады. Біз тәжік құқық қорғау органдары мен күш-қуат құрылымдары бұл жағдайды жөнге салады, бұдан бұрын да осындай оқиғаға тойтарыс берілген болатын», - деді Зайнетдинов.
Ол тәжік күш-қуат құрылымдарында «бандиттердің мұндай әрекеттерін жоюда тәжірибелері бар» екенін атап өтті.
ІІМ мәліметтеріне қарағанда, Назарзода және оның 135 жақтасы - қорғаныс министрлігінің десенттық-шабуыл бригадасының әскери қызметшілері Душанбенің шығысына қарай 45 шақырым жерде Ромит шатқалына бекінген. Ведомство мәліметтері бойынша, жұмаға қараған түнде ол тікелей қолжетімді рұқсаты бар астана аумағында орналасқан үш әскери бөлімнен көптеген қарулар мен оқ-дәрілерді кемінде екі «КамАЗ көліктеріне тиеп алып кеткен. Тәжікстанның астанасы орталығында барлық үкіметтік мекемелер маңында қауіпсіздік шаралары күшейтілді, деп хабарлады РИА Новости тілшсі. Ірі үкіметтік нысандар күшейтілген күзетке алынды, атап айтқанда Дусти алаңында ішкі істер министрлігінің кемінде 20 машинасы, соның ішінде 6 су таситын машина тұр, олар Тәжікстан парламентіне, сыртқы істер министрлігіне және президенттің резиденциясы тұрған Ұлт сарайына (Касри миллат) жолды жауып тастады. Үкіметтік ғимараттарға баратын жолдарда милиция және мемлекеттік автоинспекция жасақтары қойылып, ОМОН қызметкерлерімен және қызметтік иттермен күшейтілген.