11:04, 19 Қараша 2022 | GMT +5
ҰҚШҰ ПА делегациясы сайлау процесін ұйымдастырудың жоғары деңгейін атап өтті
АСТАНА. ҚазАқпарат – Орталық сайлау комиссиясының төрағасы Нұрлан Әбдіров Ұжымдық қауіпсіздік туралы Шарт Ұйымы Парламенттік Ассамблеясының топ үйлестіруші Вагаршак Акобян басқаратын делегациясымен кездесті. ҚазАқпарат бұл туралы ҚР ОСК-ға сілтеме жасап хабарлайды.
Орталық сайлау комиссиясының төрағасы делегация мүшелеріне сайлау науқанының негізгі кезеңдерінің қорытындыларын, Президенттікке тіркелген кандидаттар туралы ақпаратты ұсынды. Сондай-ақ 18 қарашада үгіт-насихат кезеңі аяқталып, 19 қарашада сайлау алдындағы тыныштық күні екенін атап өтті.
Нұрлан Әбдіров ҰҚШҰ ПА өкілдерін сайлаушылар тізіміне енгізілген Қазақстан азаматтарының саны, елдегі сайлау учаскелерінің саны, сондай-ақ Қазақстан Республикасы президентін сайлауға халықаралық байқаушыларды аккредиттеу қорытындылары туралы хабардар етті.
Өз кезегінде ҰҚШҰ ПА өкілдері ұсынылған ақпарат үшін алғыс білдіріп, сайлау процесін ұйымдастырудың жоғары деңгейін атап өтті.
Кездесуден кейін БАҚ үшін ҰҚШҰ ПА брифингі өтті.
Фото: www.election.gov.kz