ҰҚШҰ ПА миссиясы Қазақстандағы дауыс беру процесіне қатысты пікір білдірді

None
АСТАНА. ҚазАқпарат – ҰҚШҰ Парламенттік ассаламблеясы миссиясының үйлестірушісі Александр Маркевич Қазақстандағы депутаттарды сайлау процесіне қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
«Сайлау Қазақстан Республикасының заңнамасына және халықаралық нормаларға сәйкес өткені туралы тиісті қорытынды жасадық. Бюллетеньдерді беру тәртібі, үгіт-насихат ақпаратын орналастыру, дауыс беру процесін ұйымдастыру, дауыстарды санау тәртібіне қатысты заң талаптарын бұзу деректері болмады. Сондықтан осы нәтижені халықаралық байқаушылар тобы қорытындысында бекеттік», -деді Александр Маркевич елордадағы Халықаралық байқаушыларға қолғабыс көрсету орталығында өткен брифингіде.

Оның айтуынша, сайлауға дейін байқаушыларға Қазақстан Республикасының заңнамасына енгізілген барлық өзгерістер туралы мәлімет берілді.

«Атап айтқанда, байқаушы ретінде дауыс беру кезінде кедергілер мен қиындықтарды көрмедік. Сайлау учаскелерінде біз қойған сұрақтардың барлығына кәсіби әрі түсінікті жауап алдық. Сайлауға қатысты барлық ақпарат ұсынылды», - деді А. Маркевич.

Соңғы жаңалықтар
telegram