ҰҚШҰ тұрақты кеңесі әскери оқу орындарының рөлін күшейту туралы құжаттарды келісті
МӘСКЕУ. ҚазАқпарат - Бүгін Мәскеуде Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымының (ҰҚШҰ) тұрақты кеңесінің отырысында ҰҚШҰ Қорғаныс министрлері кеңесі шешімдерінің жобалары келісілді.
Бұл «Әскери оқу орындарында әскери мамандарды даярлауды және Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымына мүше мемлекеттердің қорғаныс министрліктерінің білім беру және ғылыми қызметтерін үйлестіруді жетілдіру шаралары туралы»;
«Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымының әскери құрамын дамыту бойынша ұсыныстар дайындауда ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымына мүше мемлекеттердің әскери оқу орындары мен ғылыми ұйымдарының рөлін нығайту шаралары туралы» шешімдер жобалары.
Бұл туралы ҰҚШҰ баспасөз хатшысы Владимир Зайнетдинов хабарлады.
Талықлау нәтижесі бойынша құжаттар жобаларын ҰҚШҰ Қорғаныс министрлері кеңесінің кезекті отырысының күн тәртібі жобасына енгізуге ұсыну шешімі қабылданды.