Ульянов қаласында сегізінші қабаттан құлаған бала аман қалды
АСТАНА. ҚазАқпарат - Кеше, 26 сәуірде, Ресейдің Ульянов қаласында Засвияжский ауданындағы Камышинский көшесінің бойындағы үйде оқыс оқиға орын алды.
Бұл туралы жергілікті тұрғын үйдегі терезелердің маңында бала жатқанын байқап қалған соң белгілі болды. Әйел адам бірден оның ата-анасына хабар берді. Кейін белгілі болғандай, сол күні кешке үйінде жалғыз болған бала сегізінші қабаттан құлап түскен. Құлау салдарынан ол қолдарын, аяқтарын, қабырғалары мен бел омыртқасын сындырды. Абырой болғанда, аман қалды.
Баланы дереу облыстық балалар ауруханаға жеткізгені хабарланды. Аймақтың денсаулық сақтау министрі Павел Дегтярьдің сөзіне қарағанда, жас науқастың жағдайы ауыр, алайда есінен таныған жоқ, деп жазды informing.ru.