Ұланбатыр қалың қар құрсауында қалды

Қар
Фото: Александр Павский/Kazinform

Моңғолия астанасы Ұланбатыр қаласына қалың қар жауды. Бұл туралы бүгін елдің Қоршаған ортаны бақылау және метеорология қызметі мәлім етті, деп хабарлайды Kazinform Синьхуа басылымына сілтеме жасап. 

- Қалың қардан Ұланбатыр көшелерінде кептеліс болып жатыр. Моңғолияның көп бөлігі боран мен қар құрсауында қалады деген болжам бар. Ауа температурасы Моңғолияның таулы аудандарында 28 градусқа дейін төмендейді, - делінген ресми мәлімдемеде. 

Моңғолияның Төтенше жағдайлар бойынша бас басқармасы қатты бұрқасын мен қалың қардың түсуінен кейін ел өңірлеріне сапарға шыққан көлік жүргізушілерін мұқият болуға шақырады. Ал көшпелі-малшыларға жайылым жерлерде қосымша қауіпсіздік шараларын ұйымдастыруға кеңес берді. 

Моңғолияда боранды әрі аязды қыс ұзаққа созылады. Ауа темперетурасы минус 25-тен 45 градусқа дейін құбылып тұрады. 

Соңғы жаңалықтар