15:26, 02 Қараша 2017 | GMT +5
Ұланбатырда II Қазақстан-Моңғолия бизнес-форумы өтті
БЕЙЖІҢ-ҰЛАН-БАТЫР. ҚазАқпарат - 2017 жылғы 31 қазан - 1 қараша күндері Ұлан-Батыр қаласында «Сауда миссиясы - 2017» 2-ші Қазақстан-Моңғолия бизнес-форумы өтті, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА-ның Қытайдағы меншікті тілшісі.
Шараны Қазақстан Республикасының Моңғолиядағы елшілігінің қолдауымен «KAZAKH INVEST» Ұлттық компаниясы» АҚ мен Моңғолия Ұлттық сауда-өнеркәсіп палатасы ұйымдастырды. Оған Қазақстанның 14 компаниясының және 100-ден астам моңғол шағын және орта бизнес субъектілерінің өкілдері қатысты.
Екі елдің сауда-экономикалық және инвестициялық ынтымақтастығын дамыту перспективаларын талқылау мақсатында Қазақстан кәсіпкерлері Моңғолияның министрліктері мен кеңселерінің басшыларымен, сондай-ақ әлеуетті бизнес-серіктестермен кездесулер ұйымдастырды.