Ұланбатырда «Көшпенді Моңғолия» фестивалі өтеді

АСТАНА. ҚазАқпарат - Ұланбатыр қаласында 11-15 тамыз аралығында «Көшпенді Моңғолия» атты фестиваль өтеді, деп хабарлайды Анадолы агенттігі CA-NEWS-ке сілтеме жасап.

Ұланбатырда «Көшпенді Моңғолия» фестивалі өтеді

Шараны Моңғолияның Білім, ғылым, мәдениет және спорт министрлігі, астаналық Мәдениет және өнер басқармасы, Ұлан-Батырдың Дене шынықтыру және спорт жөніндегі басқармасы ұйымдастырып отыр.

Фестивальдің мақсаты  - Моңғолия халқының ұлттық салт-дәстүрі мен мәдени жәдігерлерін дәріптеп, елге таныту. Оған Моңғолияның түкпір-түкпірінен екі мыңнан астам адам қатысады.

Шара бағдарламасына алуан түрлі бәсекелер енгізілген. Оның ішінде ұлттық күрес және садақпен атудан сайыстар, сондай-ақ атжарыстар өтетін болады.