Ұланбатырда Солтүстік-Шығыс Азия елдері суретшілерінің көрмесі ашылды
АСТАНА. ҚазАқпарат - Ұланбатырдағы Қытай мәдени орталығында Солтүстік-Шығыс Азия елдері суретшілерінің "Үйлесім және контраст" атты көркем және каллиграфиялық көрме ашылды.
Экспозицияға Моңғолия, Қытай, Жапония, Корея Республикасы және КХДР-дан өнер шеберлерінің қолынан шыққан 100-ге жуық туынды ұсынылып отыр, деп хабарлайды Синьхуа.