Уланған балалардың бесеуі ауруханадан шықты - Қызылорда

ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат - Кеше қаладағы №176 орта мектептің 11 оқушысы белгісіз себептермен уланып облыстық жұқпалы аурулар ауруханасына жеткізілген болатын.

 Уланған балалардың бесеуі ауруханадан шықты - Қызылорда

 Облыстық денсаулық басқармасының баспасөз жетекшісі Нұржамал Тұрсынбаеваның айтуынша, бүгінде науқастардың бесеуі үйлеріне жіберілді. Олардың денсаулықтары қалыпты. Алты бала емдерін жалғастырып жатыр. Олар 3-5 күн ішінде шығарылады. Осы кезеңде аурудың диагнозы анықталуы тиіс.