21:22, 02 Қазан 2013 | GMT +5
«ҰларҮмiт» ЖЗҚ» АҚ және « ГРАНТУМ» ЖЗҚ» АҚ Директорлар кеңесінің құрамындағы өзгерістер туралы хабарлады
АСТАНА. 2 қазан ҚазАқпарат - Акциялары Қазақстан қор биржасының ресми тізімінде тұрған (KASE) "ГРАНТУМ" Жинақтаушы зейнетақы қоры" АҚ ("Казкоммерцбанк" АҚ Еншілес ұйымы) биржаға (KASE), 2013 жылдың 25 қыркүйегіндегі акционерлердің кезектен тыс жалпы жиналысының Қордың Директорлар кеңесінің құрамына өзгерістер енгізгені туралы хабарлады.

Аталмыш хатта төмендегі хабарланады:
1. Директорлар кеңесінің мүшесі Алуа Нұрланқызы Нұркееваның өкілеттігі мерзімінен бұрын тоқтатылды;
2. Қордың Директорлар кеңесін төмендегі құрамда сайлау: Алуа Нұрланқызы Нұркеева - Директорлар кеңесінің мүшесі ("Казкоммерцбанк" АҚ өкілі); Сычев Алексей Геннадьевич - Директорлар кеңесінің мүшесі ("Казкоммерцбанк" АҚ өкілі).
Содай-ақ, акциялары Қазақстан қор биржасының ресми тізімінде тұрған (KASE) "ҰларҮмiт" Жинақтаушы зейнетақы қоры" АҚ биржаға (KASE) Қордың директорлар кеңесінің мүшесі ретінде Асхат Ниязбеков Бейсенбаевтың өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтатқаны туралы хабарлады.