Үлбі металлургия зауытында 20 жастағы жұмысшының неден өлгені белгілі болды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Үлбі металлургия зауытында 20 жастағы жұмысшының неден өлгені белгілі болды, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА.

 Үлбі металлургия зауытында 20 жастағы жұмысшының неден өлгені белгілі болды

«Жұмысшының өліміне электрден жарақат алу себеп болған. Қазір арнайы тергеу жүргізіліп, оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр», - дейді ҮМЗ баспасөз қызметіндегілер.

Сонымен қатар ШҚО ішкі істер департаментінде тергеу жүріп жатыр.

«Қазіргі кезде «Үлбі металлургия зауыты» АҚ жұмысшысының өліміне қатысты Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 156-бабында көзделген қылмыстық құқықбұзушылық белгілері бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде. Тергеу шараларының қорытындыларына орай процессуалдық шешім қабылданады», - дейді ІІД баспасөз қызметіндегілер.

Еске сала кетсек, 12 қаңтар күні Өскемендегі «Үлбі металлургия зауыты» АҚ-да түнгі ауысымда 20 жастағы жұмысшы тантал өндіру цехында балқыту пешімен жұмыс істеп жатқанда жазатайым оқиға болғанын хабарлаған едік.