Ұлттық құрылтай Ұлттық құрылтай

Ұлдана Мырзуанның қазасына қатысты келесі сот отырысы 24 тамызда өтеді

АСТАНА. KAZINFORM – Жедел жәрдем фельдшері болған Ұлдана Мырзуанның қазасына қатысты келесі сот отырысы 24 тамызға белгіленді. Сот отырысы сағат 10:00-де Астана қаласының қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық сотында өтеді.

Суд вынес решение о прямой трансляции процесса по делу Улданы Мырзуан
Коллаж: Kazinform

Бүгін сот жәбірленушілерден жауап алуды жалғастырды. Марқұмның жұбайы Әділет Зейнел Ұлдананың қазасынан кейін отбасы алған 20 млн теңге туралы айтып, кейін жәбірленуші мәртебесінен не себепті бас тартқанын түсіндірді.

Ал марқұмның анасы Сәлима Омарова қызының қазасынан кейін қарызға сұрап алған 4,5 млн теңге туралы айтып, оның көңіл айту, еске алу шараларына жұмсалғанын түсіндірді.

Тағы бір жәбірленуші Айнұр Нұрпейісова оқиға болған күнгі жағдайлардың едәуір бөлігін есіне түсіре алмайтынын айтып, сотталушыны нақты кінәлі деп айта алмады. Сонымен бірге, ол денсаулығына зақым келтірген адам заңға сәйкес жазалануын қалайтынын жеткізді. А.Нұрпейісова дәрі-дәрмекке кеткен шығындары туралы да айтты.

Бұдан бөлек, сотталушының адвокаты Асхат Әлімов іс материалдарымен танысып, жәбірленушілерден жауап алуды жалғастыруға дайындалу үшін уақыт беруді қайта сұрады. Сот қорғау тарабына қылмыстық іс материалдарын электронды түрде ұсынатын болды. Сондай-ақ адвокаттарға құжаттардың түпнұсқаларымен танысуға мүмкіндік беріледі.

Еске салайық, бүгін Астанада жедел жәрдем фельдшері Ұлдана Мырзуанның қазасына қатысты екінші сот отырысы жалғасты.

Бұған дейін қаза тапқан фельдшер Ұлдана Мырзуанның анасы Сәлима Омарова құдағиымен ақшалай дау-дамай өрбігенін айтқан еді.

Сонымен бірге, марқұм фельдшердің күйеуі Ә.Зейнел Астана әкімдігінен алған 20 млн теңгені қайда жұмсағанын түсіндірді.