Үлескердің алдында құрылыс салушының азаматтық-құқықтық жауапкершілігін сақтандыру тетігі енгізілмек
АСТАНА. 29 тамыз. ҚазАқпарат - Қазіргі уақытта министрлік дайындап жатқан заңнаманың аясында үлескердің алдында құрылыс салушының азаматтық-құқықтық жауапкершілігін сақтандыру тетігін енгізу жоспарланып отыр.
Бұл қолданыстағы Қазақстан Республикасының «Тұрғын үй құрылысында үлестік қатысу туралы» заңында қарастырылған банк-агенттің қатысуымен үлескерлердің қаражаттарын тартудың қолданыстағы механизміне балама болып табылады. Бұл туралы ҚР Өңірлік даму министрлігі баспасөз қызметінен хабарланды.
Үлестік қатысу туралы заңның қолданыстағы нормасымен, бұнда құрылыс компаниялары үлескерлердің қаражаттарын тартуға лицензия алулары қажеттігімен қатар, үлескердің алдында құрылыс салушының азаматтық-құқықтық жауапкершілігін сақтандыру механизмін енгізу ұсынылып отыр. Бұл ретте сақтандыру, сақтандыру компаниясы үшін емес, тек құрылыс салушыға міндетті болып табылады және тиісті ерікті келісімшарттармен анықталады. Ұсынылып отырған тетік үлескерлердің қаражаттарының шығынға ұшырау тәуекелдіктерін жоюға мүмкіндік береді.
Осыған байланысты, ҚР «Тұрғын үй құрылысында үлестік қатысу мәселелері бойынша кейбір заңнамалық актілерге өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасының тұжырымдамасы әзірленді.
Ұсынылып отырған үлескерлердің құқықтары мен мүдделерін қорғау механизмі келесі нұсқада көрсетіліп отыр.
Бірінші кезеңде, сақтандырушы тиісті ережелермен бекітілген құрылыс салушының бастапқы талаптарға сәйкестігін, сондай-ақ сақтандыруға басқа да тиімділік критерийлеріне алдын-ала сақтандыру сараптамасын жүргізеді.
Бұл ретте, құрылыс салушының құрылыс салуға бөлінген жер учаскісі, бастапқы рұқсат берілген және жобалық-сметалық құжаттамасы, жеке қаражаттары немесе құрылыстың жобалық құнынан 40-45%-ға несиелік желіні ашу туралы екінші деңгейлі банкпен келісімшарты болуы қажет.
Сақтандыру компаниясы мен құрылыс салушының арасында оңды тұжырым болған кезде ынтымақтасу туралы келісімге отырады және оның шарттарымен екі жақтың қатынастары реттеледі, бұл:
- құрылыс салушының банкте ашылған үлескердің арнайы есепшотына ақшаны тартумен;
- сақтандыру компаниясының арнайы есепшот бойынша ақша қаражаттарының қозғалысына бақылау жүргізуімен байланысты.
Бұдан әрі құрылыс салушы жеке қаражаттары есебінен нөлдік циклда құрылысты бастайды.
Бұл ретте, үлескерлер үлестік қатысу туралы келісімшарттар бойынша банктегі арнайы есепшотқа ақша қаражаттарын аударады, бұл кезеңде құрылыс салушыға бұл қаражаттарды қолдануға тыйым салынады. Бірінші кезеңде объект құрылысы құнынан 25%-дан кем емес қаражат жиналуы қажет.
Екінші кезеңде, құрылыс салушы ағаш дуалдарды, инженерлік және ұсақ-түйек жұмыстарды жүзеге асырады. Екінші деңгейдегі жұмыстарды жүргізу кезінде құрылыс салушының қолында объект құрылысы құнынан 15% жеке қаражаттары болуы қажет, яғни нөлдік циклға жұмсалған 15% қаражатты есептегенде құрылыс салушының қаражаты 30%-ды құрайды.
Қалған 70% құрылыстың құны банк тек сақтандыру компаниясының келісімімен аударатын үлескерлердің арнайы есепшоттарындағы қаражаттары есебінен жүзеге асырылатын болады.
«Құрылыс салушы сақтандыру бойынша шығындарды азайтатын банктен алынатын әрбір төлемді жеке сақтандыруы қажет, себебі сақтандыруды төлеу барлық тартылатын қаражаттардың көлеміне емес, оларды нақты пайдаланудың мерзімі бойынша жүргізілетін болады. Сонымен, бұл механизм үлескерлердің қаражаттарының шығынға ұшырау тәуекелдігін жоюға мүмкіндік береді», - делінген таратылған мәліметте.