Үлескерлер қатысқан ең соңғы проблемалы нысан 2017 жылы салынып бітеді - ҰЭМ

АСТАНА. ҚазАқпарат + Үлескерлер қатысқан ең соңғы проблемалы нысан 2017 жылы салынып бітеді. Бүгін Сенаттың жалпы отырысында «Тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу туралы» заң жобасы бойынша депутаттар сауалына жауап берген Ұлттық экономика вице-министрі Марат Құсайынов мәлім етті.
None
None

Құжатты талқылау барысында депутаттар тұрғын үй құрылысының проблемалы нысандары туралы ақпарат беруді сұраған болатын.

«2007 жылы елімізде үлестік қатысу бойынша проблемалы 450 тұрғын үй нысаны бар болатын. Оған жалпы алғанда 62 мың 889 үлескерлер қатысқан болатын. Қазіргі күні, 2016 жылдың қаңтар айындағы жағдай бойынша үлестік қатысудағы проблемалы нысандар саны 12, ал ондағы үлескерлер саны 1136 болып отыр. Осының ішінде ағымдағы жылы проблемалы 11 нысанның құрылысын аяқтау жоспарланады. Ал 2017 жылы ең соңғы проблемалы нысан салынып бітеді. Бұл Астанадағы «Территория комфорта» тұрғын үй кешені», - деді Ұлттық экономика вице-министрі Марат Құсайынов.

Соңғы жаңалықтар