Үлескерлердің 222,5 млн. теңгесін жымқырды деген айып тағылған «Капитал строй сервис» директорының ісі прокуратураға жіберілді

АСТАНА. ҚазАқпарат - «Алаяқтық» бабымен айыпталып отырған «Капитал строй сервис» ЖШС-нің негізін қалаушы және директоры И.В.Дмитриенконың ісі прокуратураға жіберілді, деп хабарлайды Астана қаласы ІІД баспасөз қызметі.

Үлескерлердің 222,5 млн. теңгесін жымқырды деген айып тағылған «Капитал строй сервис» директорының ісі прокуратураға жіберілді

Еске сала кетейік, тергеу басқармасы «Гранитный» ТК-нің 44 үлескерінің 222 523 000 теңге көлеміндегі ақшалай қаражатын ұрлады деген күдікпен «Капитал строй сервис» ЖШС-нің негізін қалаушы және директоры И.В.Дмитриенконы ұстады.

22 қазан күні Астана қаласының № 2 Сарыарқа аудандық соты оны қамауға алу туралы санкция шығарды.

Қазіргі уақытта сот алдындағы тергеу барысында жиналған іс материалдарымен күдікті И.В.Дмитриенконың ҚР ҚК-нің «Алаяқтық» бабында қарастырылған қылмысты жасағаны дәлелденді. Іс ҚР ҚПК-нің 300-бабының тәртібінде сотқа берілу үшін Астана қаласының Сарыарқа аудандық прокуратурасы жіберілді.