Үлескерлердің қатысуымен салынып жатқан тұрғын үйлердің саны жыл соңына дейін 54-ке дейін азаяды - Өмірзақ Шөкеев

 АЛМАТЫ. Тамыздың 1-і. ҚазАқпарат /Ерлік Ержанұлы/ - Үлескерлердің қатысумен салынып жатқан тұрғын үй нысандарының саны   жыл соңына дейін 54-ке дейін азаймақ. Оны вице-премьер Өмірзақ Шөкеев бүгін Алматыда  жылжымайтын мүлік нарығындағы ахуал мен  үлескерлердің мәселесін талқылауға арналған жиында айтты,

Үлескерлердің қатысуымен салынып жатқан тұрғын үйлердің саны жыл соңына дейін  54-ке дейін азаяды - Өмірзақ Шөкеев

        деп хабарлайды ҚазАқпарат.

         "Дағдарыс басталған кезде 2008 жылғы қыркүйектің 1-інде үлескер қаржы салған 450 нысан болды. Ондағы үлескерлердің жалпы саны 62 мың адамды құрады. 2010 жылы қаңтардың 1-інде тұрғын үй нысандарының саны 54-ке дейін, ал  үлескерлердің саны 15 мыңға дейін азаймақ. Бұл нысандардың 30-ы Астанада, 24-і Алматы қаласында", деді Өмірзақ Шөкеев. Вице-премьердің айтуынша, қазір әр нысанның өз кестесі бар.  Проблемалы жер телімдері мен үлескерлер мәселесі Үкімет тарапынан шешілді. Еркін мүлік нарығында сұраныс артып келе жатыр. Оны  мұқият қадағалап отырған Үкімет енді нарықтық тетіктер жұмыс істей бастаған кезде нарықтың одан ары дамуына кедергі жасамау үшін өз  бағдарламаларын тоқтататын болады. Бүгінгі таңда тек инженерлік коммуникациялар мен оларды бюджеттік қаржыландыру және проблемалық нысандардағы үлескерлердің өз пәтерлерін алу тетіктері шешіліп жатыр.