Үлескерлік құрылыс саласындағы заңсыздықтарға шыдамаған 100-ге жуық азамат Жоғарғы сотқа келді

ТАНА. 27 қазан. ҚазАқпарат /Айдар Оспаналиев/ - Үлескерлік құрылыс саласындағы заңсыздықтарға шыдамаған 100-ге жуық азамат Жоғарғы сотқа келген. Бұл туралы бүгін журналистермен болған брифингте Жоғарғы соттың ресми өкілі Оксана Петерс мәлім етті.

Үлескерлік құрылыс саласындағы заңсыздықтарға шыдамаған 100-ге жуық азамат Жоғарғы сотқа келді

Оның айтуынша, оқиға 13 қазанда болған. Үлескерлердің айтуынша, «Тамыз инвест групп» акционерлік қоғамы 204 азаматпен үлескерлік құрылыс жөнінде шарт жасасып, нәтижесінде үлескер азаматтар осы компанияға 1 миллиард 131 миллиjн 509 мың теңге көлемінде қаржы төлеген. Алдын ала жасалған шарт бойынша құрылыс нысаны 2007 жылдың 4 тоқсанында бітуі тиіс болатын. Алайда құрылыс жұмыстары бүгінгі күнге дейін аяқталмаған.

«Тамыз инвест групп» акционерлік қоғамы мойнына алған міндеттерді орындай алмағандықтан Астана қалалық мамандандырылған экономикалық соты 2011 жылдың 14 наурызында үлескерлік құрылыс туралы 204 шарттың күшін жойып, 1 миллиард 131 миллион 509 мың теңгені және елордадағы құрылысы аяқталмаған тұрғын үй мен жер телімдерін «ТК-1-Астана» компаниясына беру туралы шешім қабылдайды. Бұл шешімге Астана қалалық сотының аппеляциялық және кассациялық соттары шағым келтіргендігіне қарамастан, аталған мәселе бойынша экономикалық сот қабылдаған шешім күшінде қалады. Бұған келіспеген «Тамыз инвест групп» компаниясы Жоғарғы сотқа шағымданып, жергілікті соттардың шешімінің күшін жоюды сұрайды. Бірақ Жоғарғы соттың Азаматтық және әкімшілік істер жөніндегі қадағалаушы сот алқасы осы істі жан-жақты қарай келе, Астана қаласының мамандандырылған экономикалық сотының шешімін заңды деп тапты», - деді ресми өкіл.