Ұлыбритания, АҚШ, Франция, Германия және Украина сыртқы істер министрлерінің кездесуі өтпейтін болды

АСТАНА. KAZINFORM – Лондондағы Украина бойынша консультациялар форматы төмендеді. Келіссөз жоғары лауазымды тұлғалар деңгейінде өтеді, деп хабарлайды Kazinform меншікті тілшісі.

Встречу глав МИД Великобритании, США, Франции, Германии и Украины в Лондоне отменили
Фото: UK Government

Ұлыбритания, АҚШ, Франция, Германия және Украина сыртқы істер министрлері Украинадағы соғысты тоқтату жолдарын талқылау үшін сәрсенбіге Лондонда жоспарланған кездесуді кейінге қалдырды, деп жазды Sky News.

Оның орнына осы елдердің жоғары лауазымды тұлғаларының қатысуымен консультациялар өтеді. Украина Сыртқы істер министрі Андрей Сибиха британдық Форин-кеңсенің басшысы Дэвид Лэммимен бөлек кездесу өткізеді деп күтіліп отыр.

Өкілдік рейтингінің төмендеуі Дональд Трамп командасы тарапынан Киев пен Мәскеу арасындағы атысты тоқтатуға делдалдық жасау қысымының күшеюіне қарама-қайшы келеді.

Sky News ақпаратына сәйкес, АҚШ ұсынып отырған бітімгершілік жоспарында Украина президенті Владимир Зеленский бір күн бұрын қабылдамаған Қырымды тану мәселесі бар. Украина аумағының шамамен 20 пайызын Ресейдің бақылауында қалдыратын майдан шебін қатыру мүмкіндігі де талқыланып жатыр. Киев мұндай шарттарды қарастыруға дайын ба, жоқ па, әзірге белгісіз.

Сонымен бірге Украинаның одақтастары ықтимал аумақтық жеңілдіктер Украинаға қауіпсіздік кепілдігінің берілуімен және елді соғыстан кейінгі қалпына келтіру үдерісімен қатар жүреді деп күтеді.

АҚШ президенті бұған дейін соғысты тез арада аяқтау ниеті туралы мәлімдеген, алайда енді Ресей мен Украина келісімге қол жеткізуге кедергі келтіретін болса, делдал болуға қатысудан бас тартуы мүмкін екенін ескертті.

АҚШ Мемлекеттік хатшысы Марко Рубио Лондонға Дэвид Лэммимен және Украина, Франция және Германияның сыртқы істер министрлерімен кездесуі үшін келуі тиіс еді, бірақ сейсенбі күні сапардың тоқтатылғаны жарияланды

Sky News хабарлауынша, осыдан кейін Париж мен Берлин де министрлерінің сапарларын кейінге қалдырды. Олардың орнына сыртқы саясаи ведомстволардың жоғары лауазымды тұлғалары, соның ішінде АҚШ президентінің Украина бойынша арнайы өкілі Кит Келлог қатысады.

Бұған дейін АҚШ Украинадағы жағдайды реттеу жұмыстарын тоқтатуы мүмкін екенін жазған болатынбыз

Соңғы жаңалықтар