Ұлыбритания хуситтермен күресу үшін Қызыл теңізге авиатасылмалдағыш жіберуі мүмкін

АСТАНА. KAZINFORM – Ұлыбритания көтерілісші хуситтермен күрес жүргізу үшін Қызыл теңізге авиатасымалдағыш жіберу мүмкіндігін қарастырып отыр.

Кеме
Фото: The Telegraph

Әскери патрульдеу ауданында Ұлыбританияның әскери кемесін американдық «Дуайт Эйзенхауэр» авиатасымалдағышы алмастыруы мүмкін, деп жазды The Telegraph

Ұлыбританияның екі авиатасымалдағышы бар – «Патшайым Елизавета» және «Уэльс ханзадасы». Олардың әрқайсы 36 жойғыш және бірнеше тікұшаққа дейін тасымалдай алады. 

Қызыл теңізде британдық «Даймонд» эскадралы мина тасығыш қызмет жүргізуде. Көп ұзамай оның орнын «Ричмонд» фрегаты басады. 

Ұлыбритания АҚШ-пен бірлесіп хуситтер нысандарына әуеден бірнеше рет соққы жасаған. Ол үшін Лондон Кипрдегі әуе базасынан жауынгерлік тікүшақтарды жұмылдыруда.