Қазақстан мен Ұлыбритания Стратегиялық әріптестік пен ынтымақтастық туралы келісімге қол қойды

Дэвид Кэмерон
Фото: Солтан Жексенбеков/ Kazinform

АСТАНА. KAZINFORM – Соңғы 11 жылда Қазақстан мен Ұлыбритания екіжақты қарым-қатынастарды дамытуда жарқын жетістіктерге қол жеткізді. Бұл туралы Ұлыбританияның Сыртқы істер министрі Дэвид Кэмеронның ҚР Сыртқы істер министрі Мұрат Нұртілеумен болған кездесуінде айтылды.

Ұлыбритания СІМ басшысы екі елдің дипломатиялық қатынастары 16 ғасырдан бастау алатынын атап өтті.

Дэвид Кэмерон
Фото: Солтан Жексенбеков/ Kazinform

«2013 жылдан бастап мен Қазақстанға келіп жүрмін. Осы уақытқа дейін Қазақстан орасан зор жетістікке қол жеткізді. Мен бұл прогрестің куәсі болдым. Біз стратегиялық диалогты бірнеше жыл бұрын бастаған едік. Ал, бүгін біз стратегиялық серіктестік пен ынтымақтастық туралы келісімге қол қойдық. Бұл - біздің ынтымақтастығымыздың барлық салаларын қамтитын құжат. Соңғы 11 жылда біз екіжақты қарым-қатынастарымызды дамытуда үлкен жетістіктерге жеттік. Қазақстанда білім беру мекемелері құрылды», - деді Дэвид Кэмерон.

Ол Ұлыбританияда білім алу үшін қазақстандық студенттерге арналған Chevening стипендиясының бюджеті артып, қаржыландыруды екі есеге арттыруды жоспарлап отырғанын мәлімдеді.

Дэвид Кэмерон
Фото: Солтан Жексенбеков/ Kazinform

Осыған дейін Қазақстан мен Ұлыбритания сыртқы саяси ведомстволары басшыларының келіссөздер жүріп жатқанын жазған едік.

 

Соңғы жаңалықтар